Отбасылық жанжалдан соң өз өмірін қимақ болды
Кеше Өскемен қаласының Абай даңғылында белгісіз ер адам іш киіммен ғана жол үстіне жүгіріп шығып, өз-өзіне залал келтірмек болған
Азаматтың бір түрлі қылығын куәгерлер ұялы телефондарына түсіріп, әлеуметтік желіге салған. Бейнежазба халықтың қызу талқысына түсті.
Тәртіп сақшылары 30 жастағы бұл азаматты алып кетіп, облыстық Мамандандырылған медициналық орталыққа жеткізген. Ол көлік астына секірген уақытта басынан жарақат алған көрінеді.
- Сараптама нәтижесі көрсеткендей, ер адам мас болмаған. Тіпті, есірткілік зат та қолданбаған, - деп хабарлайды Өскемен қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі.
Жас жігітті бұндай көзсіз әрекетке итермелеген – отбасындағы жанжал. Ер адаммен психолог мамандар сөйлесіп, үйіне қайтарылды.