ШҚО-да шашылып жатқан еліктердің сүйектері табылды
Көкпекті ауданының Құлынжон өзенінің маңынан алты еліктің сүйектері мен терілері табылды
Оларды Көкпекті ауданына барған өскемендік тұрғын тауып алған. Оқиға орнына Самар аудандық полицейлері мен инспекторлары келіп, тексеру жүргізді.
- Браконьерлер аулаған деп айтуға негіз жоқ. Өлген жануарлардың терісі мен сүйегі ұрланбаған, бәрі түгел. Ал екі елікті қасқыр тартып кеткенге ұқсайды, - дейді Көкпекті аудандық полиция бөлімінің басшысы Фирхат Мавлютов.
Мамандар айтуынша, еліктер аштықтан қырылып қалғанға ұқсайды. Өйткені жануарлар қалың қардан шөп аршып жей алмаған көрінеді.