Өскеменде балалар үшін айлық өтетін болады
30 күн бойы облыс орталығының жас тұрғындары көрмелерге, шығармашылық шеберханаларға, ғылыми зертханаларға және тағы басқаларға қатыса алады
15 мамырда А.С. Пушкин атындағы кітапханада сағат 11.00-де "Нұрлы болашақ" республикалық акциясын бастайды, деп хабарлайды Устинка LIVE.
Мереке алдағы Халықаралық балалар күніне арналған.
"Непоседы" би тобы көңілді қойылыммен жас қонақтарды әдемі әсерге бөлейді, содан кейін ұйымдастырушылар ойын-сауық және білім беру ойындарына қатысуға, шығармашылық шеберханаларда өз қолдарын сынауға, ғылыми эксперименттер жүргізуге, сондай-ақ тақырыптық көрмелерге қатысуға шақырады.
Бір айдың ішінде "Нұрлы болашақ" акциясы аясында кітапханада әртүрлі викториналар, оқу-сауықтыру сабақтарыжәне тағы басқалар өткізіледі. Бұдан басқа, жас қонақтарға балалар әдебиетінің жаңалықтарын бағалау ұсынылады.