Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Устинка

Шемонаихалық ер азамат жалған құжат үшін сотталды

Ол мемлекеттік техникалық университеттің дипломын сатып алуға ақша аямаған

Шемонаиха тұрғыны бұрын да қылмыстық іске қатысы болған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. Ол қылмыстық топ ұйымдастырған ірі мөлшерде ұрлық жасағаны үшін қамауға алынып, жеті жылға бас бостандығынан айырылған. Жазасын өтеуден кейін Шемонаихадан кетіп, жаңа өмір бастамақ болған.

Ер адам Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің дипломын жарты миллион теңгеге сатып алуға өкінбеді. Бірақ жалған құжат оның пайдасына жарамады.

Шемонаиха тұрғыны шет елге кетпек болған, барлығын жоспарлаған, тіпті, жұмыс тауып қойған. Бірақ шетелде жұмысқа орналасу үшін құжаттардың түпнұсқалығын "ШҚО бойынша білім саласындағы бақылау департаменті" мемлекеттік мекемесінде анықтау керек болатын.

Сот-техникалық сараптама қорытындысына сәйкес, мөр және деректемелерді енгізу тәсілі үлгіге сәйкес келмеген. Сондықтан біздің кейіпкеріміздің өтірігі ашылады.

Шемонаиха аудандық сотында ер адамды қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартқанын, оның кінәсі толық дәлелденгенін хабарлады. Сот шемонаихалықты 15 АЕК айыппұлмен жазалау туралы шешім қабылдады және одан сот шығындарын және жәбірленушілерге өтемақы қорына 5 АЕК өндіріп алды.

Следующая →