Өскеменде шөп пен қоқыс өртеніп жатыр
Мамырдың 6-нан 8-не дейін облыс орталығында шөп төрт рет өртеніп, тұрмтан жеті рет өрт шықты
Загородный ауылында, Плонтон көпірінің аумағында, Шмелев Лог және ескі Согрда шөптері өртенді. Өртенген аумақтың көп бөлігі Уалиев көшесінде - 800 ш.м аумақты алды, деп Устинка ЛАЙФ хабарлайды.
Тұрғын үй қоқыстары осы күндері Западный қиылысында, Назарбаев даңғылында, Менделеев, Ульянов көшелерінде, Прожодной қиылысы мен Лесхоз ауылында өртенді.
Құтқарушылар азаматтардан өрттің пайда болуына, балалардың және жасөспірімдердің бұзақылығына жол бермеуін сұрайды.
Егер кішкене өртті байқасаңыз, немқұрайды болмаңыз, оны арнайы құралдармен жоюға тырысыңыз немесе өрттің басталуын келесі 101 немесе 112 нөміріне хабарлаңыз.