Бесқарағай ауданының тұрғыны ағашты заңсыз кескен үшін айыппұл төлейді
Облысымыздың батыс бөлігінде ер адам заңсыз 42 қарағай ағашын кесіп, мемлекетке үлкен зиянын тигізген
Бесқарағай аудандық сотында 11 наурызда "Семей орманы" ЖСДП-на тиесілі учаскеде 42 қарағайды заңсыз кесіп алған жергілікті тұрғынға қатысты қылмыстық іс қаралды. Өзінің заңсыз әрекеттерімен, қасапсыз ағаш кескіш мемлекетке 168 мың теңге көлемінде зиян келтірген.
- Соттың үкімі бойынша азамат ҚР Қылмыстық кодекстің 340-бабы үшінші бөлімінің 4-тармағы бойынша (заңсыз ағаш кесу) қылмыстық жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Бесқарағай аудандық сотының баспасөз қызметі.