Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Екатерина Скударнова
Ақпарат көзі:
Устинка

19 миллион теңгенің темірін ұрлаған

Облыста ұрланған затты қабылдаған темір қабылдау орнының басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Облыстағы ірі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінен 19 млн теңгенің темірден жасалған заттары ұрланған. Ұрылар 3 тонна өндірістік пеш, дәнекерлеу құрылғысы, темір шынжыр мен қозғалтқышты қолды қылған.

Облыстық Полиция департаментінің Криминалды полиция басқармасының жедел уәкілдері мен Өскемен қалалық полиция басқармасының бірлескен жұмысы нәтижесінде аз уақыт аралығында ұрлық жасаған күдіктілер тұтқындалды. Олар бұрын істі болған 38 және 37 жастағы қала тұрғындары болып шыққан.

- Күдіктілер қылмыстық жолмен ақша таппақ болған көрінеді, - деп мәлімдеді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. - жауапкершілігі шектеулі серіктестік аумағында күзет те, бейнебақылау камерасы да жоқтығын пайдаланған ұрылар алдымен пешті алып шыққан. Тіпті, оны алып шығу үшін арнайы техника қызметіне жүгінген.

Бұнымен тоқтамаған ұрылар бірнеше күн өткен соң тағы да сол орынға қайтып келіп, ұшақжайға кіріп, онда тұрған дәнекерлеу аппаратын, темір шынжыр, екі қозғалтқышты алып шыққан.

Баспасөз қызметі ұсынған ақпараттарға сүйенсек, қазіргі таңда аталмыш фактіге қатысты ҚР ҚК 188-бабы 4-бөлігі 3-пункті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Тәртіп сақшылары қылмыскерлерді ұстап қана қоймай, олардан ұрланған заттарды сатып алған темір қабылдау орнының директорын да жауапқа тартқан. Темір қабылдау орнынан табылған ұрланған заттар иесіне қайтарылды.

Следующая →