Өскемендіктердің назарына сиқырлы жәдігерлер ұсынылады
Облыс орталығында "Мен жай ғана сиқыршы болып жұмыс істеймін" қуыршақтар hand-made көрмесі ашылды
Барлық жәдігерлер - Алтай қаласының шебері Ирины Самойлованы қолөнері.
ШҚО Архитектуралық-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының баспасөз қызметі ұсынған ақпараттарға сүйенсек, Иринаның полимерлі саздан қуыршақ жасаумен айналысқанына төрт жылға жуық уақыт болған. Оның коллекциясы - ертегі қаһармандары, әдебиет кейіпкерлері және шынайы өмірден алынған образдар. Иринаның бес қолынан бал тамған шебер ғана емес, ол мүсінші, үлгілеуші, тігінші және шаштараз. Сол үшін де оның экспонаттары ерекше әдемі.
Көрмеге 30-ға жуық бірегей қуыршақтар қойылған. Көрмені 20 мамырға дейін Қайсенов көшесі, 67 мекенжайын бойынша келіп, тамашалауға болады.