Өскеменде ер адам вагон ұрлап кеткен
Оқиға өткен жылы тамыз айы мен қараша аралығында саяжайларда орын алған. Бірақ осы уақытқа дейін ашылмаған
Ұрлық жайлы зардап шеккен 53 жастағы азаматша тек ағымдағы жылдың 27 сәуірінде бірақ хабарлаған.
Вагонды ұрлаған азамат көп ұзамат қолға түсті. Тәртіп сақшылары ұрлықты жасаған бұған дейін істі болған, жұмыссыз 58 жастағы азаматты тұтқындаған.
- Қолға түскен азамат қылмысын мойындады, - деп хабарлады Өскемен қалалық Полиция бөлімінің баспасөз қызметі. - ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.