Өскемен
пасмурно
+19°
  • Өскемен
    +19°
  • Алматы
    +20°
  • Астана
    +15°
  • Ақтөбе
    +8°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    +17°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +7°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +20°
$
441.66
-2.48
475.14
-1.91
¥
61
-0.34
4.86
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Тазалықты өзіңнен баста, қоқысты көрінген жерге шашпа!

Біз тұрып жатқан ортамыздың таза болуын расымен қалаймыз ба? Онда неге тазалықты өзімізден бастамаймыз?

Жыл сайын алғашқы қардың еруімен халық сенбіліктерге шыға бастайды. Мұндай сенбіліктерден кейін қап-қап қоқыс шығарылады. Оның ішінде қағаз қопсық, бөтелкелер, темір-терсектер болады. Неге? Өйткені қыс кезінде біз қар ерімейтіндей, біздің қоқысымызды ешкім көрмейтіндей айналамызға шаша береміз. 

 Күн сайын Өскеменнен қала сыртына тонналап қоқыс шығарылады. Арнайы қоқыс тастайтын орындар да бар. Бірақ адамның бейқамдығы ма, жауапсыздығы ма, сол бір үзік автобус билетін, суы біткен бөтелкесін қоқыс жәшігіне дейін жеткізе алмайды. Соның салдарынан көшелердің бойы, ерке Ертістің, Үлбі өзенінің бойы, аулалар мен балалар ойнайтын саябақтар да қоқысқа толып жатыр. 
- Біздің ауламыздағы қоқыс уақтылы шықпайды, контейнерлер жетпейді, контейнерлерден қоқыс төгіліп жатыр. Тіпті, қазір күн жылынып, далаға, саябақтарға серуендеуге шыға бастағаннан кейін, ол жерлерде де қоқыс толып жатқанын байқап жүрміз, - дейді Назарбаев даңғылы, 29/2 үйдің тұрғыны Марина Хасенова.
"Тазалық - мәдениет бастауы, адамгершіліктің белгісі" дейді. Сонда бүгінгі қоғамның мәдениетсіз болғаны ма? Олай деуге толық құқығымыз да бар шығар. Өйткені өскемендіктердің қоқыс шығаратын "Өскемен-Тазалық" мекемесі алдындағы берешегі 45 млн теңгеге жуық екен. Иә, қарапайым 222 теңгені айлап төлемейтіндердің қарызы миллиондаған сомаға жетті. 
- Айта кететін болсақ, қоқыс үшін төлеуге тіркелген тұрғындардың жалпы саны қала тұрындарының санымен сәйкес келмейді. Тұрғындардың бүгінгі күні мекеме алдындағы берешегі 44 973 792, 15 теңгені құрайды, - деді "Өскемен-Тазалық" ЖШС директоры Айдос Байгунусов.
Иә, халық өзінен шығарылған қоқыс үшін 222 теңгені аяп қана қоймайды, бір баспанада тұратын адамдардың санын да өтірік көрсетеді. Контейнерлер де тұрғын санына байланысты орналастырылады, олардың қоқысын шығару да тұрғындардың санымен есептеледі. Бірақ біз оның өзімізден басталған мәселе екенін көрмейміз. 
- Өкінішке орай, біздің мекеменің жұмысын толығымен қанағаттанарлық деңгейге жеткізу үшін кедергілер де болып жатады. Мысалы, қоқыс шығаратын көліктердің жөндеуде болуы, тұрғындардың кесірінен көліктеріміз контейнерлер орналасқан орындарға жете алмауы. Себебі азаматтар жеке көліктерін қалай болса, солай қояды. Жанар-жағармай бағасының тоқтамай қымбаттауы да біздің қызметті толығымен атқаруға кедергі келтіреді, - дейді "Өскемен-Тазалық" ЖШС директоры Айдос Жомартханұлы.
Қазіргі таңда "Өскемен-Тазалық" мекемесінің қарамағында 12 көлік бар. Көше бойындағы қоқыс жәшіктерінен, көше бойына жүргізілген тазалықтан кейін шығатын қоқыстарды қоспағанда, олар қаламыздан күніне 3-4 тонна қоқыс шығарады. Ал осындай бірнеше компания бар екенін ескерсек, барлығы қанша тонна 
қоқыс-қалдық шығарылатынын есептей беріңіз.
- Қаламыздың таза болуы үшін біз тұрғындардан дер кезінде келісімшарт жасасып, төлемдерін уақытында төлеп, тұрғындардың нақты санын көрсетсе деп сұраймыз, - деп қосты мекеме басшысы. 
Расымен әр адам тазалықты өзінен бастаса, қоқысты көрінген жерге шашпаса, айналамыз тазаратыны анық.
Следующая →
Тақырыптар: Өскемен Қоқыс Тазалық