Өскемендегі "Самал" саябағы 1 шілде күні ашылады
Қазір өзеннің түбін тазалау мен абаттандыру жұмыстары жасалып жатыр
Саябақтың ішінде балаларға арналған алаңдар мен волейбол, футбол алаңдары болады
"Самал" саябағының ішін жөндеу жұмыстары былтыр аяқталған болатын, енді жағажай аймағын салу мен сауда павльондарын орналастыру, балаларға арналған арнайы шомылу орындарын ашу жұмыстары жасалмақ.
Қазір бір жарым шақырымға созылған каналдың түбін тазалау жұмыстары жасалып жатыр.
- Ертістің өзінде шомылған қауіпті. Сондықтан балаларымыз суға шомылу үшін бөлек орын дайындау керек, - дейді облыс әкімі Даниал Ахметов.
Сонымен қатар, медициналық көмек, полиция қызметкерлері отыратын пунктілер, биодәретхана мен футкорд салынбақ. Ал көлік қоятын тұрақжай 20 күннен кейін ашылады.