Өскемен
пасмурно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +15°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +9°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +19°
$
442.05
474.14
¥
61.07
4.74
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Кәрімова
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Атаулы әлеуметтік көмекке қаржы бөлінді

Облыста сәуір айының басынан бастап көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) тағайындау бойынша қарқынды жұмыстар жүріп жатқанын алдыңғы сандарда да жазған болатынбыз

Жалпы облыста қазіргі таңда 26146 көпбалалы жанұя тұрады екен. Олардың ішінде 14149 отбасында кәмелеттік жасқа толмаған балалар бар.

- 29 сәуірде қазынадан екінші деңгейлі банктерге 5300 отбасына атаулы әлеуметтік көмек көрсету үшін 435 млн 720 мың теңге аударылды, - деп жазды облыс әкімі Даниал Ахметов өзінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасында. - Біз сондай-ақ, көпбалалы отбасылардың әр мүшесінің жас ерекшеліктеріне қарай арнайы есеп жүргіздік. Яғни, 26146 отбасында 25468 ересек адам, 51899 кәмелеттік жасқа толмаған және 3824 студент тұратындығы анықталды.

Бұдан бөлек, аймақта 4834 аз қамтылған жанұя тіркеуде тұр.

Облыс басшысы қазіргі таңда АӘК алуға түскен 6591 көпбалалы және аз қамтылған отбасыларының өтініші құпталғанын айтады. Ал осы бағыттағы нақты сан алдағы уақытта белгілі болмақ.

Айта кетейік, АӘК көлемі - бір балаға 20789 теңгені құрайды. Бұл ретте жанұяның жан басына шаққандағы кірісі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан көп еместігін растауы қажет.

- Апта соңына дейін өтініші расталған өңірдегі барлық отбасы мемлекеттен материалдық көмек алады деген сенімдемін, - дейді аймақ басшысы.


Следующая →