Полицей Семейде Ертіс көпірінен секірген әйелді құтқарды
23 жастағы қызметкер өз өмірін қатерге тігіп, суға батып бара жатқан адамға көмек көрсете алды
Әйел адамның Ертіс көпірінен секіріп кеткендігі туралы қоңырау 27 сәуір күні сағат 12.53-те кезекші пультіне түсті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Ақпарат барлық бекеттер бойынша арнайы байланыс арналары арқылы берілді. Кіші лейтенант Аслан Бегадиловтың патрульі бәрінен жақын болды.
Қазір 1956 жылы туған әйел адам ауруханада жатыр, оның өміріне ештеңе қауіп төндірмейді.- Әйел адамдыағыс алып кетіп бара жатты, - дейді куәгерлер. - Патрульдік машина аспалы көпірдің жағалауына келіп жетті. Полиция қызметкері ойланбастан, суға кетіп бара жатқан адамды құтқару шараларына кірісті. Ол оны жағаға жақын жерге алып шықты,онда оларға көмек көрсетіп, қауіпсіз жерге шығарды.