Өскемен
малооблачно
-7°
  • Өскемен
    -7°
  • Алматы
    +5°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -9°
  • Актау
    +5°
  • Орал
    +4°
  • Қарағанды
    -6°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -14°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -13°
  • Тараз
    +6°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +9°
$
522.38
+2.36
612.6
+3.81
¥
74.05
+0.37
6.54
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Устинка

Нұрлан Ермекбаев ШҚО әскери бөлімдерінің жауынгерлік әзірлігін тексерді

Қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-майор Н. Ермекбаев Аягөз және Өскемен гарнизондарының құрамалары мен әскери бөлімдерін тексерді

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің ресми сайтында хабарланғандай, "Шығыс" өңірлік қолбасшылығына жұмыс сапары барысында Қорғаныс министрі қару-жарақ пен әскери техниканың сақталу тәртібі және шарттарымен, оқу-материалдық базаның жай-күйімен және әскери қызметшілердің әлеуметтік қамтамасыз етілу мәселелерінің іске асырылуымен танысты, сондай-ақ инфрақұрылым мен техникалық аймақ нысандарын аралап шықты. «Майлин» оқу-жаттығу полигонында қорғаныс ведомствосының басшысына "АрХО-2019" аясында "Танк биатлоны" халықаралық байқауына дайындықтан өтіп жатқан танк экипаждарының жаттығуы көрсетілді. Қоймаларда атыс қару-жарағының, киім-кешектің, азық-түлік пен әскери-техникалық мүліктің сақталуы тәртібі туралы қолбасшылық басшыларының баяндамаларын тыңдады.

Сапар барысында әскери ведомство басшысы инженерлік техниканың дайындығына ерекше назар аударды. Оның қабілеттілігі жол салуға инженерлік нормативтің практикалық іс-қимылдарын орындау барысында паш етілді. Одан басқа, оқ-дәрілерді түпкілікті жарақталған қалыпқа келтіру бойынша зертханалық пунктінің жұмысымен танысты. Шығыс өңірінде болған кезде генерал-майор Н. Ермекбаев жауынгерлік әзірлікті, қару-жарақ пен әскери техниканы, сондай-ақ Әуе қорғанысы күштерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшелерінде жауынгерлік кезекшіліктің ұйымдастырылу мәселелерін тексерді.

"Шығыс" өңірлік қолбасшылығындағы жұмысының қорытындысы бойынша Қорғаныс министрі қазіргі заманғы қарулы қақтығыстарда жауынгерлік іс-қимылдардың сипаты мен жүргізілу әдістерінің өзгеруін ескере отырып, жауынгерлік даярлықты жетілдіру, сондай-ақ алдағы оқу кезеңіне қару-жарақ пен әскери техниканың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері бойынша әскери бөлімдердің қолбасшылығына нақты тапсырмалар берді.

Следующая →