Красин кентінде жоғалып кеткен әйел адам табылды
Анна Храмцованы туған-туыстары мен полиция қызметкерлері он күннен астам уақыт бойы бүкіл Өскемен бойынша іздеді
Қала тұрғыны LIDER.KZ еріктілерінің көмегі арқылы табылды. Еріктілердің көмегіне Анна Храмцованың туғандары екі күн бұрын жүгінген, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. Анықталғандай, әйел адам осы уақытқа дейін сығандарда болған.
- Кеше маған ерікті қыз бала хабарласып, куәгерлер сіңлім Аннаны кенттегі дүкендердің бірінде сығандармен бірге көргенін айтты, - дейді жоғалған әйел адамның туысы Наталья. – Менің сіңлімді қалдырмай, мейірімділік танытқандарыңызға алғыс білдіремін.
Оқиға орнына әйел адамның туыстары мен жедел топ аттанды. Сығандар полиция қызметкерлеріне Красин кентінің көшелерінің бірінде жеңіл киінген әйелді кездестіргендерін айтқан. Әйел адам оларға тұратын нақты мекенжайын атай алмаған. Сонда қонақжай сығандар жоғалған әйелді тастамауға шешім қабылдап, уақытша үйлеріне шақырған. Осы уақыт ішінде олар оның туыстарын іздейді. Қазір Анна Хромцова үйіне жеткізілді, оның өмірі мен денсаулығына ешнәрсе қауіп төндірмейді.