Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Тарбағатайда жұмыссыздар көп

Қазіргі уақытта облыста 35 мыңға жуық адам жұмыссыз. Олардың көбі 25-44 жас аралығындағы азаматтар екен. Осы жастағы жұмыссыздардың саны, шамамен, 21 мың адамнан асады

Ал 15-24 жастағы жастардың үш жарым мыңнан астамы, 45 жастан асқан адамдардың 10 мыңнан астамы жұмыссыз көрінеді. Оның ішінде Өскемен мен Семей қалалары, Глубокое мен Жарма ауданында жұмысы жоқтар көп болып шықты. Ал екі қолға бір күрек таба алмай жүргендерің көбі, негізінен, Тарбағатай ауданында тұрады екен. 
- Тарбағатай ауданындағы жұмыссыздар деңгейі 5,3%-ды құрап отыр, ал облыс бойынша бұл көрсеткіш 4,8%-ға тең. Тіпті, жұмыссыздар ең көп деп саналатын Алматы мен Шымкент қалаларында, Түркістан облысында бұл деңгей 5,2%-ға шақ келеді, - дейді өңірлік Статистика департаментінің Еңбек статистикасы басқармасының басшысы Салтанат Буткенова.
Қазіргі таңда аймақтағы 1,3 млн халықтың 700 мыңнан астамы жұмысқа жарамды. Оның ішінде 500 мыңға жуығы мекеме, ұйым жұмысшылары мен қызметкерлері болса, 200 мыңнан астамы - кәсіп ашып, өз табысын өзі түгендегендер. Халықтың үштен екі бөлігі қалалық жерде еңбек етсе, үштен бір бөлігі ауыл-аймақта жұмыс істейді. 
- Жұмыспен қамтылған халықтың ішінде әрбір екіншісі халыққа қызмет көрсетумен айналысады. Яғни, сауда сату, автожөндеу, білім беру мен денсаулық сақтау саласында, мемлекеттік қызметте жұмыс істесе, әрбір бесіншісі өнеркәсіп пен құрылыста, әрбір жетіншісі шаруа қожалықтарында еңбек етуде, - дейді Салтанат Рамазанқызы.

Следующая →