Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ирина Николенко
Ирина Николенко
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да Экономикалық тергеу департаменті пайда болды

Бұрын бұл қызмет облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің құрамында болған

Аталмыш департамент ҚР Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің аймақтық органы болады.

Жаңа мекеме қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылықтарды анықтап, алдын алып, ашумен және тергеу жүргізумен айналысады.

Департамент жұмысы үшін бір әкімшілік бөлім және экономикалық, қаржылық қылмысты анықтау, тергеу жүргізу бойынша бес көпфункциялы бөлімшелер ашылды. Осыған орай, мекеме мамандары жоғарыда көрсетілгендей құқықбұзушылық фактілеріне куә болған жағдайда хабарласуды өтінеді. Бұған жалған кәсіпкерлік, бюджет қаржысын жымқыру, экономикалық контрабанда, мұнай мен мұнай өнімдерінің, алкогольдік ішімдіктердің заңсыз айналымы, ойны бизнесі мен салықтық қылмыстар, қасақана жасалған банкроттық әрекет, жалған банкроттық, несиені заңсыз жолмен алу және бюджеттік несиені мақсатсыз қолдану, банк ақшасын заңсыз пайдалану, жалған ақша мен құжаттарды жасау, сақтау, тасымалдау және т.б. мәселелер қатысты.

Жоғарыда көрсетілген қылмыстық фактілерді Өскемен қаласы, Букров көш., 10/1 мекенжайы бойынша орналасқан ШҚО бойынша экономикалық тергеу департаментіне әкеліп беруге немесе 8 (7232) 29-56-51, 8 (7232) 24-06-05 нөмірлері бойынша хабарлауға болады.

Азаматтарды қабылдау әр сәрсенбі сайын сағат 16.00-ден 17.00-ге дейін.

Следующая →