Өскемен
ясно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +20°
$
447.4
-1.49
477.55
-0.38
¥
61.81
-0.21
4.76
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Екатерина Скударнова
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да инспекторларға шабуыл жасаған браконьерлер ұсталды

Оқиға Зайсан көлінде болған

Көкпекті мен Күршім ауданының инспекторлары Зайсан көліне қарасты өзен-суларды тексеріп, рейд жасау кезінде Базар өзенінде балық аулап жүрген браконьерлерге жолығып қалған. Заңсыз балық аулаумен қоймай, тыйым салынған ауды да балыққа қолданған.

Инспекторлардың бұйрығына көнбеген браконьерлер мемлекеттік қызметкерлерді балағаттап, қол жұмсамақ болған. Қайықтың ескегін қолға алып, инспекторлардың қайығын соғып, төңкеріп тастамақ болған. Кейін белгілі болғандай, бұлар Көкпекті ауданына қарасты Тассай ауылының тұрғындары болып шыққан.

- Бұған дейін мұндай бассыздық болмаған. Аудандық полиция бөліміне олардың үстінен шағым түсірілді, - дейді ШҚ облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясының бас маманы Мұрат Солтақанов.



Следующая →