Өскеменде ұрыны ұстауға ит көмектесті
Дора есімді қызметтік жануар ноутбук ұрлаған ұрыны ұстап берді
Жиырма жастағы қыздың бағасы 137 мың теңге тұратын ноутбугын белгілі бір ер адам қолынан жұлып тартып әкеткен екен.
- Ал Ұлттық гвардия сарбаздарын көрген ер адам қаша жөнелген. Дора есімді қызметтік ит жауынгердің бұйрығымен күдіктіні қуып жетіп, қашуына мүмкіндік бермеді, - деп хабарлайды ҚР ҰҰ "Шығыс" қолбасшылығының баспасөз қызметі.