ШҚО-да Түркияда көз жұмған әйелдің туған-туыстары іздестірілуде
Қазақстандық Екатерина Садыкова 2011 жылы Түркияда ортопедиялық ота жасатып, 2017 жылы жазда белгісіз себептер қайтыс болған
Көз жұмған адамның кім екенін бірден анықтау мүмкін болмаған, өйткені қалтасында құжаты жоқ болып шықты. Алайда аяғына тағылан пластинаның штрих-кодына үңілген полицейлер тұлғаның аты-жөнін анықтаған.
- Әйелдің есімі Катя Садыкова екендігі ғана белгілі, 1968 жылы Қазақстанда дүниеге келген, - дейді Rina.KZ еріктілер қоғамының өкілі Евгения Павел.
Қазір тәртіп сақшылары мен еріктілер аталмыш адамның туған-туыстары мен дос-жарандарын іздестіруде. Егер Катяны таныған адамдар болса, 8-705-550-84-25 нөміріне хабар беруге болады.