Өскемен
ясно
-18°
  • Өскемен
    -18°
  • Алматы
    -7°
  • Астана
    -9°
  • Ақтөбе
    -7°
  • Актау
    +3°
  • Орал
    -4°
  • Қарағанды
    -9°
  • Көкшетау
    -10°
  • Қостанай
    -10°
  • Қызылорда
    -6°
  • Павлодар
    -16°
  • Петропавловск
    -12°
  • Тараз
    -2°
  • Туркестан
    -6°
  • Шымкент
    +2°
$
515.25
+0.32
535.91
-0.13
¥
70.6
+0.05
5.18
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Уылдырық шашу кезінде балық аулаған браконьерлер ұсталды

Қазір облыста балықтардың уылдырық шашу науқанына байланысты өзен-көлде балық аулауға толықтай тыйым салынғаны белгілі

Алайда сонда да оңайдан олжалы болуды "армандаған" браконьерлер тынып таппай отыр. ШҚО облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандары 2019 жылдың 19 сәуірі күні құқық қорғау органы қызметкерлерімен бірігіп, Күршім және Көкпекті аудандарынан екі браконьерді ұстады. Күршім ауданынан ұсталған браньер Риддер қаласының 27 жастағы азаматы болып шықты.

- Оның ВАЗ 21703 маркалы көлігінен 259 келі сазан балығы тәркіленді. Табиғат қорына келген залал мөлшері 980 мың 962 теңге, - дейді инспекцияның балық шаруашылығы бөлімінің бас маманы Фархат Байбазаров.

Екінші браконьер Көкпекті ауданынан ұсталды. Ол Құлынжон аулының 32 жастағы тұрыны болып шықты. Қолында екі құрма ау мен қайық болған. Жүз келіге тарта балық аулап, 257 мың 550 теңге зиян келтірген.

- Екі іс те сотқа жіберілді, - дейді мемлекеттік инспектор.

Следующая →