Өскеменде ер адам қараусыз жатқан шаруашылық нысанында өртеніп кете жаздады
Зардап шеккен азаматтың өкпесін жедел түрде жасанды желдету қажет болды. Артынша бірден ауруханаға жеткізілді
21 сәуір күні Щербаков көшесіндегі қараусыз қалған шаруашылық нысанында өрт шыққан.
Оқиға орнына жеткен №2 ӨБ өрт сөндірушілері түтінге толы нысан ішінен ес-түссіз жатқан азаматты алып шықты. Ол тұрғылықты мекенжайы жоқ 45-50 жастағы азамат болып шыққан.
- Аға өрт сөндіруші Айдын Қабитқанов зардап шеккен азаматқа өкпесіне жасанды желдету жасап, дәрігерлердің қолына табыстады, - деп хабарлады Өскемен қалалық ТЖБ баспасөз қызметі. - ШҚО Апаттық медицина орталығының дәрігерлері жансақтау шараларын тексеріп, азаматты ауруханаға жеткізді.
Қазір мамандар құтқарылған азаматтың аты-жөнін анықтау үстінде. Өрттің шығуы бойынша отты пайдаланудағы салғырттық нұсқасы қарастырылуда.