Өскеменде кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді
Қонақтарға Шығыс Қазақстан авторларының шығармалары ғана емес, әлемдік жаңалықтар ұсынылады
Oskemen-book review-2019 көрмесі Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні 23 сәуірде сағат 11.00-де өтеді А.С. Пушкин атындағы кітапханада өтеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Мұнда ШҚО жетекші баспаларынан соңғы жылдарда жарыө көрген ең маңызды баспа өнімдері ұсынылатын болады. Кітапхана серіктестері - "Vitamir", "Бестселлер" және "Marwin" кітап сауда компаниялары балалар, көркем, ғылыми және танымдық әдебиеттерді көрсетеді.
Сондай-ақ, көрмеде өңірдің киелі жерлері туралы сапалы полиграфиямен толтырылған кітаптар, Борис Щербаков, Геннадий Пуссеп, Лариса Мартынова, Андрей Кратенко және т.б. ғалымдар мен жергілікті авторлардың шығармалары ұсынылады.
Бағдарлама барлық жастағы келушілерге арналған. Бұл күні ұйымдастырушылар шығармашылық кездесулер өткізеді, онда кейбір шығармалардан үзінділер мен өлеңдер оқылады, қонақтар пікір алмасып, өздерін қызықтыратын сұрақтарға жауап ала алады.
Жас авторлар мен креативті мамандықтардың студенттері үшін бейресми шығармашылық жарыстар, 3D арт-дизайнерлер байқауы, кітап иллюстраторлары үшін арнайы іс-шаралар ұйымдастырылады.
Сондай-ақ, бұл күні оқушылар мен балаларға шығармашылық шеберлік сыныптары мен танымдық ойындары бар жеке балалар аймағы дайындалады.