Өскеменде жаңартылған трамвай пайда болды
Күрделі жөндеуден өткен алғашқы вагон бағытқа шықты. Трамвай ішінде жолаушыларға жайлы болу үшін барлық жағдай жасалған
Ескі вагондарды реконструкциялау бойынша жұмыстарды Өскемен қаласындағы Көлік компаниясы жүргізіп жатыр. Алғашқы трамвай жұмысын бастады.
- 32-ші нөмірлі ескі вагон негізіне дейін бөлшектелді. Кейін жаңа бөлшектер мен металдан қайта жиналды, - деп атап өтті Көлік компаниясы.- Салон іші жаңартылып, жылытылды. Шудан оқшаулау, үш жылу пушкісі, монитор мен бейнебақылау жүйесі, жарықдиодты жарықтандыру орнатылды, тегін Wi-Fi тартылды.