Jas Otan жастар қанатына онлайн кіруге болады
29 жасқа дейінгі кез келген адам бірыңғай деректер қоры арқылы ұйымның өкілі бола алады
Бүгінгі таңда Jas Otan жастар қанатының сайтында онлайн-тіркелу арқылы ұйымның бір бөлігі болуға болады. Ол үшін кез келген жас қазақстандықтың қолында Интернет желісіне қосылған компьютер немесе басқа гаджет болса жеткілікті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Бұдан бұрын әрбір тілек білдіруші Қ. Қайсенов көшесі, 121 мекенжайында орналасқан аймақтық филиалға өтініш жазып, одан кейін куәлік алуы керек болатын. Қазір бұл рәсім жоқ.
- 21 ғасыр - ақпараттық технологиялар ғасыры. Бұл өзгерістер жастар қанатының қатарына жедел қосылуға мүмкіндік береді, - дейді Өскемен қаласы әкімдігінің "Жастар орталығы" КММ директоры Ринад Ахметжанов. - Қазіргі заманғы технологияларды қолдану, бұл демократия қағидатын күшейту. Мұндай өзгерістерді біз әрдайым қолдаймыз және енгіземіз.
Айта кетейік, алғашқы онлайн дауыс беру Jas Otan өкілдерімен енгізілді. Олар бір жыл бұрын Орталық кеңеске көшбасшыны таңдау үшін өтті.