Сиыр Семейдегі жертөледе қыстырылып қалды
Ірі қара мал екі метр тереңдіктегші ескі жертөлеге құлап, оны алып шығу үшін құтқарушыларды жануардың иелері шақырды
Құтқару операциясы Бобровка ауылында өтті, деп хабарлады Устинка LIVE.
Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Семей қаласының № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бір жарым тонна жүк көтергіш манипулятормен жабдықталған КАМАЗ базасында жоғары сапалы АСА-20 автокөлігін қолдануға мәжбүр болды.
- Мен өзім барып, сиырдың аяғын байлау үшін төменге түстім, - дейді аға нұсқаушысы Серік Слямханов. - Тек содан кейін біз оны манипулятормен жалғап, жоғары көтердік.
Оның айтуынша, сиыр тыныштық сақтап, сабырлы болды. Сиыр зардап шеккен жоқ, ал оның иелері құтқарушыларға олардың жеделдігі үшін алғыс айтты.