ШҚО дәрігерлері көпбалалы аналар мен балаларды тексерді
Ана мен бала денсаулығын тексерген дәрігерлер он күннің ішінде сегіз мыңнан астам ауру белгілерін тапқан
Облыс басшысы Даниал Ахметовтің бастамасымен 12 ақпан мен 12 сәуір аралығында "Саламатты ана мен бала" атты кең көлемді науқан өткен болатын. Дәрігерлер екі айдың ішінде 40 мыңнан аса отбасының денсаулығын тексерген.
Аналар мен балалар зертханалық тексерістен, сәуле мен ультрадыбыс диагностикасынан өтті.
- Тексеріс кезінде әйелдерден тыныс жолы және гинекология органдарынан ауру белгілері табылды. Әрбір төртінші баланың сырқатқа шалдыққаны белгілі болды. Көбі тыныс алу ауруларына шалдыққан, - дейді ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Райфа Сайфуллинова.
Ал сырқат белгілері табылған балалар мен аналар амбулаторлық және стационарлық емдеуге қойылды.