Этот сайт собирает метаданные пользователя (cookie, данные об IP адресах и местоположении). Это необходимо для функционирования сайта.
Продолжая пользоваться сайтом, Вы даете согласие на использование ваших cookie-файлов.
Өскемен қаласының 14 жасқа дейінгі тұрғындары Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне деген құрметін сурет арқылы жеткізу мүмкіндігіне ие
"Император" СК ұлы мереке қарсаңында "Жеңіс үшін рахмет!" тақырыбында сурет байқауын жариялайды.
- Байқау шарттары: балалар тақырып аясында сурет салып, оны суретке түсіріп, 8 мамырға дейін #9мамыримператор хэштегімен Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасына салу керек, - дейді "Император" СК PR-менеджері Анастасия Рутковская. - Жеңімпаздар үшш санат бойынша анықталады: 7 жасқа дейін, 7-ден 10 жасқа және 10-нан 14 жасқа дейінгі балаларды ҚР және Ресей Суретшілер одағының мүшесі Сергей Петрович Шупляк бағалайды.
Үздік суреттердің жеңімпаздарын 9 мамыр күні "Император" СК өтетін "Ерлік мәңгі жасайды" мерекелік шарасында марапаттайды. Басталуы 14.00-де. Жеңімпаздарды қызықты әрі ерекше шығармашылық жиынтықтар күтеді.
Ал ең үздік, әсерлі суреттер сауда кешенінің бірінші қабатындағы қабырғаға ілінеді және "Император" СК әлеуметтік желідегі парақшалары мен сайтқа жарияланады.