Өскемендік шекарашылар сенбілікке шықты
Өскемендегі 2034 әскер бөлімінің қызметкерлері сенбілікке шығып, маңайдағы аулаларды тазалады
Чернов көшесінде орналасқан әскери бөлімнің қызметкерлері қолына тырна мен сыбырқы алып, далаға шықты, көшенің газонын, тротуарын тазалап, қоқыстарын жинады.
- Әскери бөлімінің бұл маңда орналасқанына 19 жылдай уақыт болды әрі маңайдағы тұрғындарға деген сыйластығымыз жоғары. Соны көрсету үшін де сенбілікке шықтық, - дейді әскери бөлімнің тәрбие жөніндегі командирі Нұржан Қуатов.
Әскери қызметкерлердің аула тазалап жатқанын көрген тұрғындар да далаға жұмыла шығып, тазалау жұмыстарына кірісіп кетті.