ШҚО-да ауа райы суытады
Қазгидромет мамандары Шығыс Қазақстан өңірінде күн суытып, жаңбыр күшейетінін айтып отыр, кей жерде қар жаууы мүмкін
Сәуір айының 13-19 күндері күн райы біршама суытайын деп тұр, жауын-шашынның соңы қар аралас жаңбырға айналады.
- 2019 жылдың 12 сәуірінен бастап Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облысында күн суыта бастады. Түнде -8°С градусқа дейін төмендеуі мүмкін, - дейді "Қазгидромет" мекемесі.
Жауынның көбеюіне байланысты өзен суы да арнасынан көтерілуі мүмкін.