Өскеменде бірнеше орталық аудан жарықсыз қалды
Кейбір көшелерде электр қуатын өшірудің салдарынан трамвайлар да тоқтады
Жексенбі күні кешке жүздеген өскемендіктер электр қуатынсыз қалды. Республика алаңы, Қабанбай батыр, Новаторлар мен Буров көшелері ауданында жарық жоқ, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Кейбір қала тұрғындары жарықтың берілуін тағатсыздана үйлерінде күтсе, кейбір тұрғындар тәуліктің қараңғы уақытында үйлеріне жете алмады. Электр энергиясының авариялық өшірілуіне байланысты трамвайлар тоқтады.
Өскемен қаласының әкімдігінің хабарлауынша, қосалқы станциядағы тұйықталу жарықтың өшуінің себебі болғанын хабарлады.
- "ШҚ АЭК" АҚ мамандары ақауды жою бойынша жұмыс атқаруда. Электр энергиясын беру бір сағат ішінде қалпына келтіріледі, - деп түсіндірді мекемеде.