Семейлік тұрғын екі күнге жалға алған пәтерін басқа біреуге жалға беріп жіберген
Семей орталық полиция бөліміне жүгінген 22 жастағы бойжеткен алаяққа алданып қалғанын айтқан
Кейін белгілі болғандай, Засядо көшесінен екі күнге пәтер алған азамат оны басқа біреуге екі айға жалға беріп жіберген. Іздеу шаралары арқасында алаяқтық жасаған 25 жастағы жігітті тауып алған. Ол бұрын да сотты болған.
Пәтерді екі күнге жалға алған азамат оны төлейтін ақша таба алмай, басқа біреуге жалға беру арқылы қарызын қайтармақ болған. Ал екі айға жалға алған жаңа "жалшыны" пәтер иесі қуып шыққан.
- Полиция қызметкерлері дәл осындай қылмыс жасаған 29 жастағы Жезкент тұрғынын да ұстады. Ол Рысқұлов көшесінен пәтерді жалға алып, кейін оны басқа бір тұрғынға жалға беріп жіберген. Алаяқ 48 мың теңгені қалтаға басқан, - дейді Семей қалалық ПБ баспасөз қызметі.