Зайсанда төрт бала газдан уланып қалды
Пеш тазаланбағандықтан, түтін үйге кірген
Бүгін таңертең Зайсан аудандық ауруханасына төрт кішкентай бала ауырып түсті. Олар газдан уланып қалған екен. Мұны дәрігерлер айтып отыр.
Бес жас пен он жас аралығындағы үш ағайынды сіңлілерге газдан уланудың орташа деңгейі қойылды, ал бір жасарлық кішісі аздап қана уланған. Балалар қазір стационарда емдеуге алынды.
Зайсан аудандық құтқару инспекторлары үйдің отжақпасы тазаланбағандықтан, пештен түтін шыққанын айтады. Ал үй иесінің айтуынша, мұржаны алдыңғы жылы ғана тазалаған екен.
Шығыс Қазақстанда жылыту маусымы басталғаннан бері 80 адам газдан уланған екен, оның ішінде сегізі көз жұмған.