Радужный кенті Өскемен қаласына ресми түрде қосылды
Глубокое ауданына қарасты 94 мың гектар жер енді Өскемен қаласының құрамына қосылмақ
Қосылмақ жердің 18 мың гектары елді мекендер болса, 67 мың гектары – ауыл шаруашылық жерлері.
Өскемен қаласының іргесінде жатқан кентте 1630 адам тұрады. Елді мекенге баратын қоғамдық көлік те Өскемен қаласынан келеді, балалардың көпшілігі қала мектептерінде оқиды, халқы да қалада жұмыс істейді. Алайда кенттің әкімшілік орталығы Бобровка кенті, ал аудан орталығы Глубокое ауылы.
Кент тұрғындарының өзі де қалаға қосылуды қалайды әрі мұны бірнеше рет айтып, мәселе көтерген.