Алтайлық кәсіпкерге дүңгіршекке қалқа орнатқаны үшін айыппұл салынды
Бұл кәсіпкердің мемлекеттік жерді пайдалану арқылы жер заңнамасын бұзғаны анықталды
ШҚО-да жерді пайдалануды бақылау және қорғау бойынша мемлекеттік инспектор жоспардан тыс тексеру жүргізген кезде сарапшылар сауда дүңгіршегіне орнатылған қалқан мемлекеттік меншіктегі жерге еніп тұрғанын анықтады, деп хабарлайды Устинка LIVE.
Шатырды сауда-саттық жүргізу үшін қойған, бірақ бұл заңсыз әрекет болып табылады.
- Жеке кəсіпкердің іс-əрекеттерінде мемлекеттік меншік құқығын тікелей немесе жанама түрде бұзып, учаскені заңсыз басып алу белгілері бар, - деді Зырян аудандық сотының төрағасы Айкен Смағұлов.
Сот кәсіпкердің әрекетін жер учаскесін заңсыз иелену деп санап, оған 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде(252,500 теңге) айыппұл салды. Сот шешімі күшіне енген жоқ.