Шығыс Қазақстан ауылдарынан есірткі сатушылар ұсталуда
Бұрын Өскемен, Семей, Риддер сынды қалалардан есірткі сатушылар көп ұсталатын еді
Қазір Күршім, Ұлан, Көкпекті мен Аягөз аудандарынан көптен ұсталатын болды. Мамандар қазір есірткіні ауылда сатушылардың көбейгенін мойындап отыр.
- Есірткінің арасында ең көп таралғаны – марихуана, шөп тектес есірткі, - дейді ШҚО Қылмыстық істер жөніндегі ауданааралық соттың төрағасы Бердіғали Қасенов.
Мәселен, жақында Риддер қаласынан есірткі сақтағаны үшін 40 жастағы әйел қолға түсті.
- Тексеру барысында 23 полимерлі орама табылып, ішінен қоңырқай жасыл шөп табылды. Кейін белгілі болғандай, бұл салмағы 80 келі болатын марихуана болып шықты, - дейді ШҚО Полиция департаменті.
Көкпекті ауданында салмағы 10 келі болатын есірткіні заңсыз сақтағаны үшін 42 жастағы әйел мен 33 жастағы ер адам ұсталған. Ал бұл әйелдің бұрын да есірткі сатқаны үшін сотты болғаны белгілі болды. Ол Алматы-Көкпекті автобусына отырмақ болған жерінен 28 келі марихуанамен ұсталған.