Өскеменде терезеден құлап кеткен бала жансақтау бөлімінде жатыр
Кеше он жасар бала төртінші қабаттан құлап кеткен еді
Кеше кеше таман ЖМК ауданы Көкжал Барақ көшесінің бойындағы үйлердің бірінен бала құлап кетті.
- Есін жиды, жедел жәрдем алып кетті, - дейді куәгерлер.
Десе де баланың жағдайы ауыр. Ана мен бала орталығы мамандарының айтуынша, қазір ол жан сақтау бөлімінде жатыр.