Құтқарушылар Үбі өзенінің арнасын квадракоптермен бақылауда
Көктем уақытында өзен арнасына тұрақты бақылап тұру аса маңызды
Шемонайха ауданындағы Үбі өзенінің мұзы түгелдей еріп бітті. Су тасу қаупі жоқ. Десе де Үбі өзенінің Ертіске кеп құятын сағасында біраз мұз жиналып қалған екен.
- Оны квадракоптермен анықтадық. Мұз, шамамен, 500 метрге дейін кептеліп қалған, қалыңдығы 20-50 сантиметр. Қазір маңайдағы елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ, өйткені мұз ақырыңдап еріп жатыр, - дейді Шемонайха аудандық ТЖБ басшысы Ерік Тойбаев.
Следующая →