Өскемендегі жас сәулетшілер байқауына 50-ге жуық студент қатысты
Байқаудың жеңімпаздарына 5 миллион теңге берді
Қала әкімдігі ұйымдастырған "Өскемен Сәулет-2019" байқауы өз мәресіне жетті.
Қатысушылар өз жобаларын үш номинацияда ұсынды. Конкурстық комиссия тұрғын және қоғамдық мақсаттағы ғимараттардың, шағын сәулет нысандарының үздік жобаларын, қала құрылысы шешімдерінің үздік тұжырымдамаларын таңдап алды.
Әр номинацияда жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, конкурсқа қатысушылардың жұмысына жетекшілік еткен жоғары оқу орындарының оқытушылары марапатталды.
- Аталмыш іс-шараның идеясы қазан айында сәулетші-студенттермен кездесу кезінде келді, - деді қала әкімі Жақсылық Омар. - Сонда біз көптеген талантты жастарымыз бар екенін көрдік. Өскеменнің пайдасына жұмыс істегісі келетін балалар. Оларды қолдау - қала әкімшілігінің маңызды міндеті. Сонымен қатар, байқау кезінде пайда болған идеялар нақты практикалық міндеттерді шешеді.
Барлық байқау жұмыстары қалалық сәулет және қала құрылысы бөліміне тапсырылатын болады. Биыл кем дегенде екі жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Жас сәулетшілерді ынталандыру және қолдау мақсатында "Өскемен Сәулет" байқауын жыл сайын өткізу жоспарлануда.