Семейдегі өртте екі бала көз жұмды
Құтқару қызметіне бірінші қабаттағы терезеден түтін шығып жатқанын байқаған куәгер қоңырау шалған
1 сәуір күні 14.19-да өртке қарсы қызмет бөліміне қоңырау түскен. Хабарласқан адам Салқын қайнар кентіндегі екі қабатты тұрғын үйде өрт шыққанын мәлімдеген.
Семей қаласының ТЖБ баспасөз қызметі ұсынған ақпараттарға сүйенсек, төтенше жағдайлар бойынша мамандар жеткен уақытта №1 пәтердегі қонақ бөлменің жиһазы өрт ке оранғанын анықтаған.
Тілсіз жаумен күрес кезінде жуынатын бөлмеден 2012 және 2015 жылғы екі баланың денесі табылған. Болжам бойынша, балалар түтінге уланып қалса керек. Өкінішке орай, дәрігерлер періштелердің өміріне араша түсе алмады.
Оқыс оқиғаға байланысты үш нұсқа қарастырылуда: өрт қауіпсіздігін сақтамау, қасақана өртеу немесе балалардың шалалығы.