ШҚО тұрғыны полициямен жанжалдасқаны үшін тұтқындалды
Мас халдегі Алтай қаласының тұрғыны тәртіп сақшыларына мойынсұнудан бас тартып, көшеде жанжалдаса бастады
Полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай жатқаны үшін Алтай қаласының тұрғыны сот алдында жауап берді, деп хабарлайды Устинка LIVE.
Зырян аудандық сотының баспасөз қызметі қоғамдық орындарда мас күйінде болған әйел полицияның заң талаптарына бағынбаған, әдепсіз тілмен сөйлеген, түсініктемелерге жауап бермегенін түсіндірді.
Сот шешімімен қаланың тұрғыны бір күн қмалды. Сот шешімі күшіне енген жоқ.