ШҚО-дағы мектеп есепшілерінің бірі ақша "жеген"
Мектеп бухгалтері 1,5 млн теңгені қолды қылған
Жиырма тоғыз жастағы бас есепші мектеп бюджетіне қол жеткен соң, құлқын ұстап тұра алмағанға ұқсайды. 2016 жылдың ақпанынан бастап 2018 жылдың желтоқсанына дейін қызметтік бабын асыра сілтеп, банк есепшотына еш себепсіз қаржы аударып отырған. Аударған қаржысының жалпы сомасы - 1 489 154 теңге.
Семей қалалық №2 соты алаяқты алты жыл бас бостандығынан айырды. Әрі өмір бойы мемлекеттік қызметке жұмысқа алынбайтын болады.