Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Евгения Чех
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да шығарылатын қоқыстың тек 5% ғана өңделеді

Қоғамдық кеңес мүшелері шенеуніктерден Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің талаптарын қатаң сақтауға шақыруда

Шығыс Қазақстан облысы тұрмыстық қалдықтарды өңдеу бойынша республикада небары тоғызыншы орында. Былтыр 183 мың тонна қоқыс жиналса, оның тек 9 мың тоннаға жуығы ғана өңделген екен.

- Өскемен мен өзге де елді мекендегі қоқыстарды жерге көму арқылы 5,5 млрд теңгенің ресурсын құр шығындап жатырмыз. Егер бұл қоқыстың барлығы өңделетін болса, онда 3600 адамды жұмыспен қамтыған кәсіпорын ашуға болатын еді. Қазір қалада қоқыс өңдейтін 17 кәсіпорын бар. Алайда үкімет тарапынан еш көмек болмаған соң, жабылудың аз-ақ алдында тұр, - дейді ШҚО Экологиялық қауіпсіздік орталығының маманы Юрий Кудинов.

Ал экологтардың сөзіне қарағанда, қоршаған ортаны сақтау мен қорғау, оны сауықтыру туралы кешенді жоспардың ешбірі қазір орындалып жатқан жоқ, барлығы қағаз күйінде қалуда. Семейде қоқысты іріктеу желісі іске қосылды, ал Өскеменде әзірше ондай дүние жоқ. Риддер қаласында қоқысты жағу технологиясы сынақтан өтуде. Ал қалған өңірлерде қоқыс жинайтын, іріктейтін алаң да жоқ. Ал заң талабына сәйкес ондай орындар болуы тиіс.


Следующая →