Өскемен
малооблачно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +7°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +23°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +6°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +10°
  • Шымкент
    +19°
$
443.37
+1.32
474.49
+0.35
¥
61.24
+0.17
4.83
+0.09
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Жолдардың сапасын тексермек

Салынып жатқан жолдардың сапасы мен техникалық жағдайын жіті тексеретін нақты құзіретті орган не жауапты тұлға жоқ

Жолдың техникалық талаптары тексерілгенімен, оны тексерген комиссияға жауапкершілік арта алмайсың.

Аймақта салынып жатқан жолдарға көңілі толмаған қоғам белсенділері осындай мәлімдеме жасап отыр. Айтуларынша, салынып біткен жолдардың сапасын тексеру шаралары тым көмескі, көлеңкелі әрі жауапты тұлғаны жазаға тарту мен міндет жүктеу жағы да осал. Сондықтан да қазір салынып жатқан жолдардың сапасы нашар.

- Шығыс Қазақстанның жол жөндеу жұмыстарына былтырдан бері өте көп қаржы бөлінді. Бұрын-соңды республикалық бюджеттен мұндай қаржы бөлініп көрмеген. Алайда салынған, жөнделген жолдың сапасына көңіл толмайды. Қазір, міне, қар еріп, жер жібіп жатыр. Қармен бірге асфальт та тесік-шұрық болып тұрғындарды әбден мезі қылды. Өзімізді-өзіміз алдап әбден шаршадық. Тексерістің де, техникалық талаптардың да барын біліп отырмыз. Бірақ сол тексеріс дұрыс орындалмайды. Техникалық бақылау жағынан да, мердігер мен тапсырыс беруші жағынан да сыбайлас жемқорлық бар сынды көрінеді, - дейді ШҚО Қоғамдық кеңес мүшесі Олег Чернышев.

Былтыр басы да, арты да дауға қалған Семей-Қарауыл тас жолының жартысы жөнделіп біткен болатын. Қалғаны биыл жөнделеді. Енді ШҚО Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің қызметкерлері мен қоғамдық кеңес мүшелері бірігіп, қар еріп біткен соң, Семей-Қарауыл тас жолын тексеріп қайтпақ. Одан әрі жолдың техникалық талаптарын тексеретін әрі қабылдап алатын тұлғаларды жауапқа тартудың жолдарын реттеп, заңға өзгерістер енгізу жағы да қарастырылмақ.

- Олай болмаса, бұл былық әлі де жалғаса береді. Ал бюджеттің қаржы құр далаға кетпек, - дейді ШҚО мәслихатының хатшысы Владимир Головтюк.


Следующая →