Өскемен
облачно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    -8°
  • Астана
    -9°
  • Ақтөбе
    -9°
  • Актау
    +4°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -12°
  • Көкшетау
    -4°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    -6°
  • Павлодар
    -15°
  • Петропавловск
    -4°
  • Тараз
    -7°
  • Туркестан
    -8°
  • Шымкент
    -7°
$
523.86
544.34
¥
71.77
5.11
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Қуанышы ананың, қуанышы баланың

Көкпекті ауданының Көкпекті ауылдық округінде 5600 тұрғын бар. Олардың 120-сы көпбалалы аналар

Сонау Кеңес үкіметі кезінде он бала тауып, "Батыр ана" атанған аналарымыз бен тәуелсіздік кезінде "Алтын алқа", "Күміс алқа" алғандар да осы санатта. Көкпекті ауылында 40 жасқа дейінгі 18 көпбалалы ана тұрады.   Тұрмыс жағдайлары төмен 4 отбасы баспана алуға кезекке тұрған. Бұл статистиканың құрғақ мәліметі болса да, көрер, сезер жанға көп жайдан хабар береді. Бүгінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің, "Нұр Отан" партиясының еліміз бойынша атқарып жатқан қызметі көпке аян. Ешкімге жарияламай, "бергенім мынау» деп көзге түртпей отырған азаматтар қаншама.

Қыстың беті қайтып, көктем мерекелері жақындағанда ел қуанардай жақсы хабарлар тез тарай бастады. Мәселен, Көкпекті ауылының тұрғыны 11 жылдан бері пәтер жалдап жүрген Боранбаевтар әулетін Наурыз айында бақытқа кенеді.

Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімі ұсынған мәліметтерге сүйенсек, Зухра ана мен оның алты баласын қуантқан, отағасы Аманғажыны жігерлендірген көкпектілік жомарт кәсіпкер мен ауылдың атқа мінер жігіттері. Зухра Боранбаеваның аяғы ауыр екен.

- Ауылда туып-өстім. Тұрмысқа шыққан соң ата-анамыздан бөлек шығайық деп пәтер жалдадық. Мен Құдайдың берген балаларын бағып үйде отырдым. Әне үй алармыз, міне үй алармыз деп талпынсақ, үйелмелі-сүйелмелі үш бала жедеқабыл келді. Отағасы Аманғажы жалғыз бас көтерер, оның табысы киім-кешек, тамақтан аспады. Сөйтіп алты балалы ана атандық. Ауылда тұрғын үй салынбағандықтан үй кезегі де жетпеді. Биыл аяғым ауырлады. Жұма күні шелпек пісіріп, ас қамдап отыр едім, үйге бұрын Көкпекті ауылында әкім болған Руслан Бектасов ағай келді. Сізге "Елім-ай – Көкпекті" басшысы кеңсеге келсін деп жатыр деп. Киініп барсақ, Болат Бекбердинов аға "Міне, сіздерге үй алып беремін, мынау кілті, мерекеңізбен құттықтаймын" деді. Төбем көкке жетті, - дейді Зухра ханым. - Менің оларға деген алғысым - балаларымды нағыз азамат етіп тәрбиелеуден басталар. Ұл-қыздарымды тәрбиелеп, елдің қатарына қосқым келеді. Қуанышымды сөзбен жеткізу мүмкін емес.

Жаңа үйдің сыртқы жайы бөлек шаруашылық – монша, гараж, жазғы ас үй, мал қора, отын шошаласы сақадай қатып тұр.

Айта кетсек, Көкпекті ауданында аудан кәсіпкерлерінің бастамасымен ақпан айынан бастап бүгінгі күнге дейін 193 көпбалалы және жағдайы төмен отбасыға – 8 млн 869 мың теңге соммасын құрайтын материалдық көмек көрсетілді. Алдағы уақытта бұл игі бастама жалғасып, көмекке мұқтаж жандарға көмек көрсетілетін болады.

Следующая →