Этот сайт собирает метаданные пользователя (cookie, данные об IP адресах и местоположении). Это необходимо для функционирования сайта.
Продолжая пользоваться сайтом, Вы даете согласие на использование ваших cookie-файлов.
Қаланың орталық алаңында жергілікті әртістерге арналған үлкен сахна мен қазақ халқының дәстүрлі тұрмыс-тіршілігіне арналған бірнеше киіз үйлер бой көтерді
Сағат 15.00-ден бастап қала тұрғындары вокалдық және би ұжымдарының көрсетілімдерін тамашалай алды, сондай-ақ мерекелік шараның қонақтары қазақтың ұлттық тағамдары мен тәттілерінен дәм тата алды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ өкілдері қала тұрғындары үшін қызықты тосынсый дайындады. Жоғары оқу орнында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың киіз үйін бүкіл жағдаймен қайта жаңғыртып, оны алаңға қойды. Тарих әуесқойлары ішке кіріп, ақынға тиесілі музыкалық аспаптар, оның кереуеті, қолжазбалары жазылған үстелдерді көруге мүмкіндік алды.
- Осындай экспонаттарға қарау өте қызықты тәжірибе, - дейді қала тұрғыны Гүлжан Иманбекова. - Киіз үйге кіргенде 150 жыл бұрын Абай өмір сүрген уақытқа түскендей әсерде боласың, тамаша атмосфера!
Айта кетейік, Наурыз мейрамын халықтық серуендермен тойлау Өскемен қаласындағы Республика алаңында жақын күндері жалғасады.