Өскемен
ясно
+12°
  • Өскемен
    +12°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +14°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Кәрімова
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Қар мүсіндерінің байқауы өтті

ОВ-156/2 түзету мекемесінде, сотталғандар арасында қар мүсіндерінен байқау ұйымдастырылып өткізілді

Аталған іс-шараны мекеме бастығының тәрбие жұмысы бойынша орынбасары, әділет майоры Т.А. Амантаев салтанатты түрде ашты. Қар мүсіндерін жасаған азаматтардың жұмыстарын жан-жақты бағалау мақсатында мекеменің әкімшілік қызметкерлерінен тағайындалған арнайы комиссия мүшелері әділқазылық етті. Байқауға әрбір жасақтан бір мүсіннен қатыстырылды. Мәселен, сотталған азаматтар жылқы, тышқан, өгіз, жолбарыс, қоян, жылан, ешкі, мешін, әтеш, ит, доңыз секілді жан-жануарлардың мүсіндерін әзірлеген.

- Комиссия қортындысы бойынша 1-орынды 1-жасақтағы азаматтар жасаған бұқаның мүсіні иеленді. 2-орын "Жылан" бейнесін мүсіндеген 9-шы жасақтың еншісіне тисе, ал 3-орын "Әтеш" бейнесін мүсіндеген 11-ші жасаққа бұйырды, - дейді ОВ 156/2 мекемесі сотталғандар арасында әлеуметтік-психологиялық тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы әділет капитаны Р. Тулеубаев. - Байқау барысында сотталған азаматтар түзету мекемесі қабырғасында үйренген бейнелеу өнері шеберліктерін ортаға салып, аса белсенділік танытты. Күнделікті өткізілетін тәрбиелік жұмыстар арқасында, осындай іс-шаралардан сотталғандар өздерінің келешек өмірге деген құлшыныстарын арттырып, шабыттарын шыңдай тусуде және де осында шаралар олардың ішкі жан дүниесінің, мәдениетінің, әдептілігінің жақсаруына оң әсер етеді.

Аталған іс-шараға белсенділік танытып, жақсы жағынан көзге түскен барлық азаматтар мекеме бастығының тапсырмасымен марапатталды, ал үздік жасақтар мақтау қағаздарымен марапатталды.

Следующая →