Өскемен
малооблачно
-11°
  • Өскемен
    -11°
  • Алматы
    -8°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +6°
  • Орал
    +2°
  • Қарағанды
    -7°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -4°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    -2°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    -3°
$
522.63
-2.03
548.66
-1.55
¥
71.74
-0.28
5.07
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Екатерина Скударнова
Ақпарат көзі:
Устинка

Тәртіп сақшыларынан қашып құтылмақ болған

Жол қозғалысы ережелерін бұзған 18 жастағы азамат Өскемен қалалық Полиция бөлімінің "Қыран-28" экипажы қызметкерлерінің тоқтатқанын елемей, оқиға орнынан ізін суытпақ болған

Бұл жағдай 15 наурыз күні түн ортасында орын алған. Екі полиция қызметкері Гоголь көшесі бойында жол белгісінің талаптарын сақтамаған "ВАЗ-21120" автокөлігін байқап қалған.

Жол жүру ережесін бұзған көлік Тәуелсіздік даңғылымен әуежайға қарай бет алған. Тәртіп сақшылары өздерінің пәрменіне құлақ аспаған көліктің артынан қуа жөнеледі. Ал көлік жоғары жылдамдықпен қала сыртындағы тас жолға шығып, Глубокое ауданына қарай жүйтки берген.

Тәртіп бұзған азаматты тоқтату үшін полиция қызметкерлері көмек шақыртуға мәжбүр болған.

Басқа автокөліктерге қауіпсіз жол бөлігінде полиция қызметкерлері тәртіп бұзған көліктің жолын кесті. Көлік тізгініне ие бола алмаған "ВАЗ-21120" жүргізушісіжол жиегіне тоқтауға мәжбүр болды. Сонда да полицияның қолына түскісі келмесе керек,қасындағы жолаушы екеуі көліктен шығып қаша жөнелген. Дегенмен, тәртіп сақшылары бұзақыларды көп ұзамай ұстады.

- "ВАЗ-21120" маркалы көліктің тізгінінде 18 жастағы азамат болған. Оның көлік жүргізу куәлігі қасында болмаған. Сонымен қатар, қасында 22 жастағы жолаушы болған, - деп мәлімдеді ШҚО ПД баспасөз қызметі. - Артынан анықталғандай, көліктің өзі Глубокое ауданындағы көлік тұрағынан ұрланған болып шықты.

Жүргізушіге қатысты ҚР ӘПК 612-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылған. Аталмыш іске қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.




Следующая →