Мамырға дейін Өскемен қаласындағы 21-ауданға жарық береді
Бұл ауданға қоныстанған азаматтар бірнеше жыл бойы электр қуаты жоқ үйлерде тұруға мәжбүр болды
Қала маңындағы елді мекендердің бұл мәселесі бірінші рнет көтеріліп отырған жоқ, хабарлайды Устинка LIVE.
- Тамақты газ плитаға дайындаймыз, кешке қараңғыда отырмау үшінмайшамдарды жағамыз. Теледидар да көре алмайды, ешқандй жағдай жоқ, - дейді 21-ауданның тұрғындарының бірі.
Оның айтуынша, мұндай жағдайда олар 4 жыл тұрып жатыр.
- Мен жарықтың жоқтығынан салынып қойған үйіме кіре алмай жүрмін. Мен мүгедекпін. Пандусы бар арнайы үй салдым. Алайда жағдай осы, - деді тағы бір үй иесі.
ШҚО әкімі Даниал Ахметов 1 мамырға дейін 21 шағын аудандағы тұрғындардың мәселесін шешуді қала әкімі Жақсылық Омарға тапсырды: бұл мақсатқа 12 миллион теңге бөліп уақыт электр энергиясын жеткізу үшін бөлінбек.
Өскемен құрылыс бөлімінің басшысы Қайрат Танекеновтың айтуынша, 20 шағын ауданда 800 жеке үй салынады, ал 21-ауданда 600-ден астамшығысқазақстандық тұрғын үй салуға ниет білдіргенмен, 50-ге жуығы ғанабүгінгі күнге дейін салынған.
Айта кету керек, өткен жылы 20-шағын ауданға электр энергиясын жеткізу үшін 1 млрд теңге бөлінген.