Екі күн ішінде Өскемен полицейлері бес миллион теңгеге айыппұл жинады
Тағы бірнеше жол қауіпсіздік ережесін бұзушы "Борышкер" жедел-алдын алу шарасы барысында "темір тұлпарынсыз" қалды
Жедел-алдын алу шарасы 12-14 наурыз аралығында жүргізіледі, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. Тәртіп сақшылары бүгінде 4 600 000 теңге көлемінде 371 айыппұл өндіріп алды.
- Сот орындаушылары үш миллион теңгеге жуық қаулы жолданды, жұмыс орны бойынша тәртіп бұзушыларға 720 мың теңгеге қаулылар мен ұйғарымдар жіберілді, - деп хабарлады Өскемен қаласы ПБ баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, полицияда уақытша сақтау қоймасына борышкерлердің сегіз көлік құралы қойылғандығын пайымдады.